Жаңалықтар

Енді алаяқтар рәсімдеген несиелерді банктер өтейді

Фото: ашық дереккөз

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова егер несие қарыз төлеушінің тікелей қатысуынсыз рәсімделсе, борышты жою мүмкіндігі қарастырылатынын айтты, деп хабарлады Qandastar.kz.

Мәжіліс отырысында агенттік төрағасы алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар 2024 жылдың басында Қазақстанда несие алудан өз еркімен бас тартуға жол ашатын заң қабылданғанын да еске салды.

«Сәйкесінше қандай да бір жолмен азаматтың жеке деректері алаяқтардың қолына түсіп, несие алуға өзі қатыспаған жағдайда қарыз жойылады», – деді Әбілқасымова.

Айта кету керек, агенттік төрағасы алаяқтар рәсімдеген несиені кешіру мәселесі әлі де талқыланатынын жеткізді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close