ЖаңалықтарСпорт

«Енді Астанада ойнамаймыз»: «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы матчты көшіру қателік деп атады

Қайрат футбол клубының байқау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев бұдан былай команда өз алаңындағы матчтарды басқа қалаларға көшірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Qsport YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады qandastar.kz.

Боранбаевтың сөзінше, қазіргі таңда Алматыда жаңа стадионның жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасы аясында Брюгге командасымен өткен ойынды Астанада өткізу шешімі қате болғанын атап өтті.

«Қазір біз Астанаға көшіп барғанымыз бекер болғанын түсініп отырмыз. Футбол тұрғысынан бұл шешім өзін ақтаған да шығар, бірақ біз ол ойынды Орталық стадионда да өткізе алатын едік. Ең алдымен жанкүйерлерді ойладық. Бір нәрсені нақты айта аламын: енді Астанаға ойнауға бармаймыз. Жанкүйерлер бізге ренжімесін, ауа райына ренжісін», – деді Қайрат Боранбаев.

Сонымен қатар ол елордадағы стадионға қатысты клубтың ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Боранбаевтың айтуынша, UEFA өкілдері атап өткен жалғыз кемшілік – алаңдағы жасанды төсеніш.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button