Жаңалықтар

Енді дәрігерлер науқастарды емдеуге үйлеріне бармайды

Фото: trends.rbc.ru

Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру стандартынан осындай тармақты алып тастауды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл өзгеріс жіті жедел әрі созылмалы аурулары бар пациенттерге қатысты. Сондай-ақ стационарлық ем алудың минималды мерзімі үш жұмыс күні болып бекітілмек. Жіті жедел аурулар кезінде -5 күн, ал созылмалы ауруларға берілетін мерзім 8 күннен көп емес.

Одан бөлек зорлық-зомбылық және қатыгездік танытудың жоғарғы қаупі туралы деректі психологтар мен әлеуметті қызметкерлерге тарату туралы тармақ та алынып тасталмақ.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру стандарттарын қайта қарау туралы құжат ашық нормативтік-құқықтық акт порталында тұр. Ол 26 қыркүйекке дейін талқылауда болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close