Жаңалықтар

Енді діни посттарға лайк басқандарға айыппұл салынбақ

Сурет:Ашық дереккөзден алынды

Әлеуметтік желіде экстремистік идеяларды насихаттайтындар көбейген. Өзбекстанда діни экстремизммен күрестің жаңа тәсілі ретінде енді желідегі діни алауыздық тудыратын посттарға лайк басқандар не оларды репост жасағандар қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстанның Дін істері жөніндегі комитеті мәлімдейді, деп жазады Jambylinfo.kz. informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстанның дін істер жөніндегі комитеті ел тұрғындарын интернет желісіндегі діни посттарға лайк баспауға шақырған. Комитет ескертуіне сәйкес, тексерілмеген діни материалдарға лайк басқандарға айыппұл салынатын болады.

«Діни материалдарды тарату тек қана мемлекеттік діни сараптамадан өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі», – делінген хабарламада.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close