Футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев осылайша «Қайрат» басшылығының алдағы уақытта ойыншыларға берілетін жеке сыйлықтары мен демеушілік тартуларын өз бақылауына алатынын айтты, деп хабарлады qandastar.kz.
Оның айтуынша, жақында қақпашыларға берілген қымбат сыйлықтан кейін бұл мәселе бойынша ұжым ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
«Футболшылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, енді мұндай жағдайлар тек клубтың рұқсатымен және сол арқылы реттелуі керек деген шешім қабылдадық», – деді Боранбаев «Спорт Шрёдингера» басылымына.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкерлер «Қайраттың» қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған еді.