Жаңалықтар

Енді Қазақстанда онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі

Фото: consult.thurrock.gov.uk

Елімізде онлайн петицияға жазылған пікірлер де ескеріліп, тексеруден өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес ұжымдық өтінішке пікір қалдыру функциясы сақталады. Сондай-ақ әр жазбаны қадағалап, тексеріп отыратын жауапты орган да белгіленеді.

Көптің талқылауына шығарылған құжат мәтініне қарағанда уәкілетті ұйым есебінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы бекітілмек. Олар жазылған пікірге не оның бөлігіне қатысты түскен шағымның заңдылығын анықтайды. Егер тәртіп бұзылғаны нақтыланса, бес жұмыс күнi iшiнде операторға хабар беру тиіс. Ал жауапты оператор үш күн ішінде жазбаны өшіреді не жасырып қояды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close