Қаржы және төлемдер

Енді Қазақстанда тұтынушыдан қолма-қол ақша талап ететіндер айыппұл төлейді

Фото: ашық дереккөз

Енді бір айда 100 немесе одан көп тұлғадан мобильді аударым арқылы 255 мың теңге төлем жасалса тұрғындар кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Елімізде енді тұтынушыдан қолма-қол ақша талап ететін кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұлдың көлемі 157 мың теңге болмақ. Бұл туралы деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы Информбюро арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кірістер комитетінің мәліметінше, талапқа бағынбаған кәсіпкерлер жазаланады.

Елімізде соңғы кездері дүкендерде төлемді QR немесе банк аударымы арқылы алуға қарсылық білдіретін жағдайлар жиілеген. Сатушылар түрлі сылтау айтып, табысын жасыруға тырысады екен. Мұндай жағдайда тұрғындар бірден кірістер департаментіне шағымдана алады.

Сондай-ақ биылдан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары бақылауға алынған еді. Енді бір айда 100 немесе одан көп тұлғадан мобильді аударым арқылы 255 мың теңге төлем жасалса тұрғындар кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

“Сатушы өз тарапынан төлемді үш түрлі жолмен қабылдау керек. Бірінші қолма-қол ақша, екінші карта, үшінші кюар код арқылы қабылдауға міндетті. Егер сатып алушыға жоқ мен олай қабылдамаймын, қолма қол ақша ғана қабылдаймын деген сауал қойылса ол демек заңға қайшы келіп тұр”, – дейді заңтер Венера Нұрғалиқызы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close