Жаңалықтар

Енді кешкі 18.00-ден кейін жедел жәрдем шақыра алмайсыз

Фото: ашық дереккөз

Елімізде енді жедел жәрдем сағат 18.00-ге дейін ғана жұмыс істейді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұдан кейін жедел жәрдем түнгі шақыртуларға бармайды. Өйткені тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды қамту үшін қаражат жеткіліксіз. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі ережеге түзету енгізіп, жобаны талқылауға шығарды. 8-ші қазанға дейін пікір білдіре аласыздар.

Түзетуге сәйкес, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайларда жедел жәрдем жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні түске дейін қызметте болады.

Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрлігі маусым айында онкологиялық ауруларды емдеуге бөлініп келген бюджет қаражатын 20 пайызға дейін қысқарту жөнінде шешім қабылдағаны белгілі болған. Бұл жөнінде депутат Асхат Аймағамбетов онкологияны емдеуге бөлінген қаражатты қысқарту қисынсыз екенін жазғанбыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close