Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Енді құжаттардың түпнұсқасын бірге алып жүру керек

Air Astana әуе компаниясы 19 шілде күні сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін Қазақстан бойынша ішкі рейстерге ұшатын жолаушылардан құжаттарының түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруді сұрады, деп жазды Qandastar.kz сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Көрсетілген уақытта техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасына, соның ішінде “Цифрлық құжаттар” қызметіне уақытша қолжетімділік шектеледі», – делінген хабарламада.

Құжаттарының түпнұсқасы жоқ жолаушылар ұшаққа жіберілмейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close