Жаңалықтар

Енді қылмыскерлерді ұстауға көмектескен қазақстандықтар марапатталады

Фото: Pixabay.com

Қылмыскерлерді ұстауға көмектескен азаматтар марапатталады. Олар алғыс хатпен, бағалы сыйлықпен немесе ақшалай сыйақымен ынталандырылады, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді көшеде күдікті әрекетті байқап, дер кезінде полицияға хабарлаған кез келген тұрғын сыйлыққа ие болуы мүмкін. Бұл – жаңа заң жобасында жазылған бастама. Осы арқылы құқықбұзушылықтың алдын алмақ.

Бұрын тәртіпті сақтау тек полицияның құзырында болса, енді бұл іске мектеп, аурухана, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері де тартылады. Қарапайым азаматтар да қоғамдық көмекші бола алады. Олар көшедегі тәртіпті бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ құқықбұзушылыққа бейім азаматтарды анықтауға көмектеседі.

Марапаттау рәсімі үшін әкімдіктер жанынан арнайы комиссиялар құрылмақ. Олар үміткерлерді іріктеп, сыйақыны табыстау ісімен айналысады. Алайда қоғамдық көмекшілерге тұрақты жалақы қарастырылмаған.

«Қоғамдық көмекшілерге ешқандай жалақы төленбейді. Заң жобасында бұл нақты көрсетілген. Тек сыйақы қарастырылған. Аудандық мәслихаттар жанынан арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде көмектескен азаматтардың тізімін комиссия мүшелеріне жолдайды. Ал сыйақының мөлшері мен берілу жиілігін жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Мысалы, әкімдік тоқсанына бір рет сыйақы беру туралы шешім қабылдай алады. Бірақ тұрақты жалақы қарастырылмайды”, – деді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close