Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Енді мектеп мұғалімдеріне қаржылық сауат үйретіледі

Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне енді қаржылық сауаттылық үйретіледі, деп хабарлайды Qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіyt cілтеме жасап. 

“Курстар бағдарламасына экономика негіздері мен жеке деректердің қауіпсіздігі де енгізіледі. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бес күндік курстан шамамен 6 мың мектеп және колледж мұғалімі өтеді”, – деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

2026 жылы тағы шамамен 4 мың педагог оқытудан өтеді.

Курстарда алынған білімді алдағы уақытта еліміздің барлық мектептерінде балаларды оқытуға енгізу жоспарланып отыр.

Еске салсақ, Қазақстанда мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге шабуыл жасағандарға да жауапкершілік күшейтілмек.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close