Жаңалықтар

Енді мердігер компаниялар өздері жолдарды 7 жылға дейін күтіп ұстайды

Фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев олардың жауапкершілігін арттыру мақсатында шаралар қолға алынғанын айтты.

“Соңғы жылдардағы жобаларды іске асыру тәжірибесін ескере отырып, жауапкершілікті арттыру мақсатында Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен EPCM келісімшарты және FIDIC қағидасы енгізілуде. Ондағы шарттарға сәйкес мердігер компания өзі жобалап, өзі салып 7 жылға дейін жолдарды күтіп ұстайтын болады. Бұл шарттың негізгі артықшылығы – жобалаудың және құрылыс сапасының тәуекелдерін азайтады”, – деді министр.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close