Ресейлік аралас жекпе-жек шебері, MMA блогер Артем Тарасов қазақстандық актер, ережесіз жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтарды алаңға шақырып, видео жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Еrkebulan_toktar, сен менің ағам және жақын досым, бокс патшасы arxangenios_-ға қарсы керемет жекпе-жек өткіздің, мен сенімен ағам үшін бұл жолы MMA ережелері бойынша жекпе-жек өткізгім келеді.
Олар біздің жекпе-жекті кем дегенде үш рет ұйымдастыруға тырысты, бірақ ештеңе болмады!
Демократияны қойып, нағыз төбелес ұйымдастырайық», — деп жазды ресейлік блогер.
Алайда Еркебұлан Тоқтар оған бірінші кезекте тегін дұрыстап жаттап алуды ұсынды.
Қазақстандық спортшы өзінің әлеуметтік желісінде қалжың аралас видео жариялап, жауап берді.
Оқымандары оған қолдау білдіріп жатыр.



