Мәдениет

«Енді ұрттамаймын»: Мақпал Жүнісова оқырмандарына уәде берді

Фото: ашық дереккөз
Жақында танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына бірнеше видео жүктеп, күллі халықты бір шулатқан еді, – деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Көпшілік әншіні мас болып, эфирге шықты деп айыптаған да болатын. Бірақ елдің ерке қызын жақтағандар да аз болмады.

Жақында Мақпал Жүнісова «Жанымды менің ұғыңдар» атты әнін орындаған архивтегі видеосын жариялады. Сол видеоның астына бір оқырманы «Құрсын, ішпеңізші» деген пікір жазып кеткен. Сол пікірге Мақпал Жүнісова «Ішкен жоқпын, ұрттадым. Енді ұрттамаймын» деп жауап жазып, оқырмандарына сөз берген.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close