Әнші Ғалымжан Нұрқалықов әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызына арнайы ән арнап, оған деген ықыласын білдірді, деп жазады qandastar.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Енем көре ме екен? Мөлдір апай батасын берер ме екен?» — деп әзіл қоса бөлісті әнші.
Алайда оның бұл қылығын желі қолданушылары жылы қабылдамады. Көпшілігі пікір қалдырып, ашуларын жасырмады:
«Жас қызға көз тіккенің не, ұят қой»,
«Ол әлі жас, Мөлдір апай рұқсат бермейді»,
«Шал болып қалғансың, тыныш жүр»,
«Енеңе ұқсағансың», — деп жазды оқырмандар.



