Әлеумет және қоғам

Энергетика министрі: АИ-92 бензині 210 теңгеге дейін өседі

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Энергетика министрі хабарлады, деп жазады qandastar.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензиннің бағасына қатысты нақты алгоритм жоқ екенін айтты.

«Бағаның алғашы көтерілуі 5 теңгеге дейін деп айтуға болады.
Бірінші қадамда баға 210 теңгеге дейін қымбаттайды деп бағдарлап отырмыз. Әрі қарай неше қадам жасайтынымызды нарық реттеуі керек», — деді А. Сәтқалиев.

Министрліктің мұндағы міндеті бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін жеткізді.

«Әрі қарай қалай болатынын мен айта алмаймын. Біз нарыққа айтарлықтай сигнал бердік. Өндірушілерге де, жеткізушілерге де монополиядан табыс табуға жол бермейміз, — деді министр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close