Жаңалықтар

Энергетика министрлігі бензин бағасына мораторий енгізу механизмін түсіндірді

Энергетика министрлігі АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасына уақытша мораторийдің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп жазды qandastar.kz

Мораторийдің басты қағидаты – 2025 жылдың 16 қазанындағы әрбір жанармай құю станциясында қолданыста болған бағаны сол деңгейде сақтау. Яғни, әр станция өз бағасын сол күнгі көрсеткіште «қатып» қояды. Бірақ ел бойынша бірыңғай шекті баға енгізілмейді.

Қазіргі таңда ірі ЖҚС-тардағы баға төмендегідей:

  • АИ-92 бензині – литріне 213-239 теңге;
  • Дизель отыны – литріне 317-337 теңге аралығында.

16 қазанда Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге ірі жанармай жеткізушілер мен ЖҚС өкілдерімен кездесу өткізді. Оларға бағаның өсуіне жол бермеу – Үкіметтің нақты әрі біртұтас ұстанымы екені жеткізілді.

 

Back to top button