Ұлы мен келінінің ортасына отырып алған Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева желіде сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Желі қолданушыларының бір парақшасында: “Сәкен Майғазиевтің әйелі – ред флаг. Ене келіні мен ұлының ортасына отырып алыпты. Жалпы, ер мен әйел әрқашан қатар отыруы тиіс. Әркімнің жары қасында отырғаны дұрыс емес пе?” – деген пікір жазды.
Аталған видео желіде қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылды.
Пікір қалдырушылардың бірі “Осындай енелерді түсінбеймін. Ұлын үйлендірген соң, бәрін келіні мен ұлына тапсырып, өзі әдемі болып күйеуінің қасында жоғарыда тыныш отырғаны дұрыс қой”, – десе, енді бірі
“Анасы ұлын ер адам деп жоғары отырғызып, өзі төмен отырған шығар. Оның несі жаман?” – деп жазған.



