Жаңалықтар
ЕО Украинаға жөнелту үшін АҚШ-тан қару сатып алмақ

Алдағы уақытта Еуропалық Одақ елдері Украинаға әскери қолдау көрсету үшін өзге елден қару жарақ саты алуы мүмкін. Мысалы, ЕО АҚШ-тан ірі көлемде қару-жарақ сатып алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ЕО елдерінде Украинаға қажетті қару-жарақ пен өндірістік қуат жеткіліксіз болғандықтан, Вашингтонның көмегінсіз Киевке әскери қолдау көрсету мүмкін емес.
Агенттіктің дереккөздері АҚШ-тағы ықтимал билік ауысуына алаңдаушылық білдіреді. Олардың пікірінше, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп билікке қайта келсе, Украинаға көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда Еуропа өз бетімен Украинаға қару жеткізуді жалғастыру үшін америкалық жүйелерді сатып алуға дайын.
Егер Трамп Украинаға америкалық қару беруден бас тартса, Еуропа бұл міндетті өз мойнына алады, – делінген материалда.