Жаңалықтар
Ер адам көңілдесін аяусыз өлтіріп, мәйітін чемоданға салып кеткен

Санкт-Петербургте ер адам көңілдесін өлтірген. Қылмысты жасыру үшін мәйітті чемоданға салып, жертөледе көміп, заттарын жинап, Өзбекстанға қашып кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Өзбекстанда республика азаматының өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты.
Әйелдің денесі 2024 жылы Санкт-Петербургтегі үйдің жертөлесінен табылған.
Қылмысты оның бірге тұратын сүйіктісі – Бухара облысы Вабкент ауданының тумасы жасаған.
Жоғарғы соттың мәліметінше, 25 жастағы ер адам 2022 жылдан бері 32 жастағы, екі баланың анасы болған әйелмен қарым-қатынаста болған. Кейін ол Ресейге жұмыс істеуге кетіп, Санкт-Петербургтің Невский ауданында сол әйелмен бірге тұрған. Алайда бірнеше апта бірге тұрған соң олардың арасында жанжалдар басталған. Ер адамның айтуынша, жанжалдардың себебі — әйелдің қызғаныштан дау шығарып, Өзбекстандағы әйелімен ажырасуын талап етуі болған.
«Кезекті жанжал кезінде ол әйелді ұрып-соғып, жастықпен тұншықтырып өлтірген. Қылмысты жасыру үшін денесін чемоданға салып, көрші үйдің жертөлесіне көміп тастаған», – делінген сот материалдарында.
Ол әйелдің туыстарына оның атынан хабарлама жіберіп, басқа қалаға кетіп қалғанын, біраз уақыт байланысқа шықпайтынын айтқан. Бұдан соң ер адам шұғыл түрде билет алып, Өзбекстанға ұшып кеткен, жолда оның телефонын тастаған.
Он күннен кейін профилактика инспекторы оны шақырып, жауап алу барысында ол жасаған қылмысын мойындаған. Ресейлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденді. Сондай-ақ ер адамның әйелдің атына 50 миллион сумға несие рәсімдеп, ақшаны өз қажетіне жұмсағаны анықталды.
Сот оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, жалпы режимдегі колонияда 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.