Жаңалықтар
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады

Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды qandastar.kz
Ең алдымен, туған қалама еліміздің тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірінде қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына терең ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін зор құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік те болды. Жұмысымның басынан бастап мен осы жоғары сенімді ақтау үшін барлық білімім мен жинаған тәжірибемді қолдануға тырыстым және Алматыны тұрақты даму жолына шығару мақсатын ұстандым, — дейді экс-әкім.
Сондай-ақ ол өзі қаланы басқарған үш жыл ішінде қалада 57 оқу орны және 12 денсаулық сақтау нысаны салынғанын не жаңартылғанын айтты.
Бүгін осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қиын-қыстау сәттерде белсенді атсалысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға шын жүректен алғыс білдіремін. Мен өмір сүру сапасы жоғары және жайлы қалалық ортасы бар, ең заманауи әрі дамыған мегаполис ретінде Алматының болашағына шын жүректен сенемін, — деп қорытындылады Ерболат Досаев.