Жаңалықтар

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесіне кірді

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы қордың ресми сайтында көрсетілген, деп хабарлайды qandastar.kz

Айта кетсек, бұған дейін Ерболат Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Осылайша, ол мемлекеттің қатысуы бар ірі ұлттық компаниялардың стратегиялық басқару органдарына тартылып отыр.

Ерболат Досаев әр жылдары ұлттық экономика министрі, қаржы министрі, Ұлттық банк төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Оның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы директорлар кеңесіне қосылуы қордың басқару жүйесін күшейту және экономикалық реформаларды іске асырумен байланыстырылады.

Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы ел экономикасының негізгі салаларын қамтитын ұлттық компанияларды біріктіреді және стратегиялық активтерді басқарумен айналысады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button