Қазақстандық әнші Төреғали Төреәләнің жұбайы Толқын Мырзақымова Instagram-парақшасында қызы Каусармен түсірілген ерекше бейнесұхбатты жариялады. Каусарға бала кезінен церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған, деп жазады qandastar.kz.
Видео астындағы жазбасында Толқын «Сіздер ерекше бүлдіршінді ана махаббатымен шын жүректен қабылдай алдыңыздар ма?» деген сұрақ қойып, мұндай форматтағы контентті қызының қатысуымен алғаш рет бөлісіп отырғанын атап өтті.
Видеода әншінің әйелі 10 жастағы Каусар туралы айтты: қыз толыққанды сөйлей алмаса да, ым-ишара арқылы белсенді қарым-қатынас жасайды, өзіне өзі сәнденіп макияж жасай алады және саяхаттауды ерекше жақсы көреді.
Бұған дейін Төреғали Төреәлі қызының диагнозы туралы қалай білгенін еске алған болатын. Оның айтуынша, бұл 2015 немесе 2016 жылы Баян Алагөзованың жобасында жүргізуші болып жүрген кезінде болған. Сахнаға шығуға бірнеше сәт қалғанда, оған Каусарға ДЦП диагнозы расталғаны туралы хабарлама келген. Әнші осы жаңалықтан кейін қалай сахнаға шығып, шараны жалғастырғанын өзі де есіне түсіре алмайтынын айтады.



