Жаңалықтар

Ерекше баланың анасын кемсіткен коуч кешірім сұрады

Көпшілік алдында ерекше баласы бар аналарды кемсіткен коуч Бақытбай Сабырбек өз сөзі үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, қоғам оның пікірін қате түсінген. Даулы мәлімдемесіне байланысты ол ерекше баласы бар әйел мен оның отбасына Меккеге қажылыққа жолдама сыйлағанын хабарлады. Бұл туралы коуч әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп жазады qandastar.kz.

«Кеше ерекше баласы бар әйелмен әңгіме болған. Балжан ханым, ауыр сөздер айтқаным үшін сізден бүкіл халықтың алдында иіліп тұрып кешірім сұраймын. Негізі ерекше баланың анасы болу батырлық қой. Ол 30 минуттық әңгіменің тек 3 минуты ғана. Бізді көріп отырған адамдардың да көңіліне кірбің түсірсек, кешірім сұраймыз. Ниетіміз түзу болған еді», – деді ол.

Кешірімі ретінде ерекше баласы бар әйелге және отбасына Меккеге жолдама сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабырбектің трансформациялық тренингтердің бірінде айтқан пікірі желіде қызу талқыланған еді. Ол өз сөзінде «әйел күйеуін менсінбеген жағдайда ерекше бала туады» деген мазмұнда пікір білдірген. Бұл мәлімдеме ерекше баланы тәрбиелеп отырған көптеген аналардың наразылығын тудырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button