Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райммен бірге туған күнін атап өтіп, жеке парақшасында оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялады. Әнші, 30 қарашада, 41 жасқа толды, деп жазады qandastar.kz.
Көпшілікке танымал өнер иесі туған күнін отбасы мүшелерімен — күйеуі Райм және ұлдарымен бірге атап өткенін жазды. Осы бақытты сәтті оқырмандарымен бөліскен Ерке 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тарататынын жеткізді.
«Туған күнім келіп жетті! Қазір күйеуім екеуіміз тортпен шай ішіп отырмыз. Ұлдарым қасымызда тәтті ұйқыда жатыр. Шүкір! Туған күніме орай осы рилске лайк басып, құттықтау пікір қалдырғандарға 100 мың теңге шашу жасаймын. Торт жеген соң ерекше мейірімді болып отырмын», – деп жазды әнші.
Әншінің бұл жомарт бастамасы желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданды. Оқырмандар Ерке Есмаханды жаңа жасымен құттықтап, көптеген ізгі тілектер мен жылы пікірлерін жолдауда.



