ЖаңалықтарШоу бизнес

Ерке Есмахан өзін көре алмайтындар көп екенін айтты

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде шашына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Өнер иесінің айтуынша, желі қолданушылары оның бұйра шашын «жалған», «химия жасалған», «биозавивка», «парик» деп атап, табиғи емес деп айыптаған.

«Туа біткен шашты да көре алмай қалуға бола ма? Мен шоктамын», – деп жазды әнші.

Ерке Есмаханды қолдап, туыстары мен жақындары да пікір қалдырып, оның шашы кішкентайынан бері табиғи бұйра екенін атап өтті.

Сондай-ақ әнші хейтерлерге жауап ретінде негативті пікір қалдыратын адамдарды бірден бұғаттайтынын, энергиясын дәлелдеуге жұмсамауды жөн көретінін айтты.

«Маған оқырмандарымның сапасы маңызды. Негатив көрсем – өшіремін, блокқа саламын. Зұлым, көреалмаушы адамдарды ұнатпаймын. Ал жарық адамдарға тек бақыт тілеймін», – деді Ерке Есмахан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button