Ninety one тобының бұрынғы мүшесі A.Z-дың сахнаға қайта оралуы желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі jaryq__media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жанкүйерлер оның өнерге қайта келуін ерекше стиль, таныс тембр мен өзіндік орындау мәнерімен байланыстырды.
Желі қолданушыларының пікірінше, A.Z-дың дауыс ырғағы мен сахнадағы харизмасы тыңдарманға айрықша әсер қалдырған. Олар «Қалай болғанда да орның әрдайым бөлек», «Бұл куплетті тек сен ғана айтуың керек еді» деген пікірлер жиі кездеседі.
Көпшілік A.Z-дың қайта оралуы 91 тобымен бірігумен аяқталады деп болжам жасап отыр. Алайда әзірге бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Айта кетейік, AZ атымен танымал Азамат Зенкаев 91 тобынан әнші Ерке Есмаханмен жүрген соң кетіп қалған еді.