Шоу бизнес

«Еркек тектес, қатын сымақсыңдар»: блогер Жан Ахмадиев «Ninety one» тобынан кешірім сұрады

Атышулы блогер Жан Ахмадиев Qazaq Airan-ға берген сұхбатында «Ninety one» тобының жігіттерінен кешірім сұрап, кезінде оларды сырт келбетіне ғана қарап бағалағанын мойындады, деп жазады qandastar.kz.

Оның сөзінше, ол жастардың шығармашылығына мән бермеген. Жан Ахмадиев танымал топқа «Еркек тектес, қатын сымақсыңдар» деп ауыр сөз айтқан еді.

«Қазір ойым өзгерді. Егер «91» тобының жігіттері мені көріп отырса, олардан кешірім сұраймын. Ол кезде ер адамның шашын бояу секілді істеп жүрген дүниелері бізге ерсі көрінді. Менің бір қателігім, бассыздығым деп айтайын, мен олардың сырт келбетін сынап, өнерлеріне, әндерінің мағынасына мән бермеппін. Уақыт өте келе әндерінің мағынасына мән бере бастадым, оған қоса, салыстырмалы түрде қарасақ, кезінде “Ninety one” тобыны қарап, шок болып едік, қазір Амилай, Нико Нет секілділер де жүр ғой. Қазір ойым өзгерді. Олар Қазақстанға бұрын-соңды болмаған жаңа леп, стиль алып келді. Сондықтан өткен өмірде қаралағаным үшін өкінемін және кешірім сұраймын», – деді ол.

Ол «91» тобының жігіттері өнер жолына қадам басқанда бәсекелестік көп болғанын, сондықтан олар сырт келбеті арқылы назар аудартқанын айтты.

@qazaq.airanЖан Ахмадиев Ninety One-ды не үшін сынады? Сұхбаттың толық нұсқасын Qazaq Airan YouTube арнасынан көріңіз♬ оригинальный звук — QAZAQ AIRAN

Ұқсас Мақалалар

Back to top button