Болат Назарбаевтың тоқалымын деп әлеуметтік желіде танымал болған Динара Әлжан Kezdesu-ге берген сұхбатында әйелдерге еркектерді қалай құрметтеу жайында кеңес берді, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесі қыдырмайтын еркекті «еркек емес» деп санайтынын айтты.
«Бүкіл еркек қыдырады. Мен қыдырмаған еркекті еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Өйткені сен әрқашан бір үйдесің, үнемі сенің жаныңда отырса, ол дамымайды, достарымен қыдырмаса, басқа әйелдермен сөйлеспесе, бұл еркектерді жалықтырады. Қызғаныш та, махаббат та бар. Егер сен ер азаматты шын жақсы көрсең, бәріне шыдайсың», – дейді ол.
Динара Әлжан ер адамдарды сыйласаң, қолдасаң, ол ешқайда кетпейтінін алға тартты.
«Ер азаматты аймалау керек, сыйлау керек. Сенікі дұрыс деп көніп, аяқкиіміне дейін кигізіп беру керек. Оны сүю керек. Ер азаматты қолдасаң, ол ешқайда кетпейді. Ер азаматты қабылдау керек, ол нәзік, себебі оны аналары мәпелеп өсіреді. Ал қыздар өте мықты болады ғой. Қазір ер азаматтарды көп адам жамандайды, бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Егер ер азаматтар болмаса, біз әйелдер құлпырмайтын едік. Егер біз ер азаматтарды сыйласақ, мәпелесек, бізде бәрі болады деп ойлаймын», – деді әнші.



