ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Ерлі-зайыпты 1 миллион 200 мың теңге салынған пакетті автобуста ұмытып кеткен
Фото: ашық дереккөз
Астана полицейлері қомақты қаржысын автобуста ұмытып кеткен ерлі-зайыптыға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерлі-зайыпты күндіз автобус салонында ақша салынған пакетін ұмытып кеткен. Кейін жоғалтқанын түсінгенде ол «102» арнасына хабарлаған.
Полицейлер тексеру барысында автобустың бағыты мен жүргізушісін анықтады. Нәтижесінде 1 миллион 200 мың теңге мөлшерінде салынған ақша иесіне қайтарылды.
Ерлі-зайыптылар тәртіп сақшыларына кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.