Әнші Ернар Айдар жастық шағында арба айдаған көк базарды сағынышпен еске алды, деп жазды Qandastar.kz.
Instagram желісіндегі Taraz History парақшасында 2009 жылы Тараз қаласындағы әйгілі көк базардың ескі видеосы жарияланды.
Бұл бейнежазба қала тұрғындарының көңілін толқытып, көпшілікті өткен күндерге жетеледі.
Желі қолданушыларының пікірлері арасында танымал әнші Ернар Айдардың да жазбасы назар аудартты. Ол бұл базардың өз өмірінде айрықша орны бар екенін атап өтті.
«Керемет естелік екен. Бұл базар мен үшін ең ыстық әрі берекелі орын. Көп естеліктер қайта оралды. Авторға алғысым шексіз», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ернар Айдар бұрынғы сұхбаттарында жас кезінде осы базарда жүк тасып, арба айдағанын бірнеше рет айтқан болатын.



