Жаңалықтар

«Ернарымыз жаза басқан екен, қателескен екен»: Берденовті атқан жігіттің әйелі мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасады деген күдіктінің әйелі оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық Луиза Алданова Instagram желісінде өз жазбасын жариялады.

Оның айтуынша, өткен ай отбасы үшін ауыр сынақ болды. Енді ғана ол және жақындары есін жиып, қалпына келе бастағанын айтады.

Әйел «әр минут, сағат, күні» ​​уайымдаумен болғанын, жапа шеккен Берденовтың амандығы үшін дұға еткенін атап өтті. Жақында Алданова оның ауруханадан шыққанын білгенін түсіндірді. Ол оның тезірек сауығып, жұмысқа оралуын тіледі.

“Жалпы, менің жолдасым Ернарды, мені және біздің ата-аналарымызды жақсы білетін адамдар, таныстарымыз, туыстарымыз біздің қандай қарапайым, отбасын бірінші орынға қоятын жандар екенімізді де біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар оларды біздің жат әрекеттерге, жаман істерге бармайтынымызға да сенімді деп білемін. Десе де Ернарымыз жаза басқан екен, қателескен екен…”, – деді әйел

Ол болған оқиғаны тағдырдың сынағы деп қабылдайтынын және сабырлы болуға тырысатынын баса айтты.

Алданова осы жағдайға “қатысы бар” деген қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарды.

“Ата-анадан көрген тәрбием, бойға сіңген иманым мұндай арсыз қылыққа аттап бастырмайтыны айдан анық. Баршаңыздың қолдауларыңызға, тілек-ниеттеріңізге рахмет айтамын!”, – деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close