Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева қуанышымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz порталы.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін балапанымыз Әлемді қырқынан шығарамыз. Аллаға шүкір осы күнге де жеттік. Тілектеріңізді жаза кетіңіздер, бәрін оқып беремін Әлем батырға», — деп жазды ол.
Желі қолданушыларының бірі құттықтап жатса, бірі таңқалысын жасырмады.
«Ерте емес пе? Кеше ғана туған еді ғой» деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



