Жаңалықтар

Ертең Алматыда Тоқаев пен Мирзиёев кездеседі

Фото: Ақорда

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан ары нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close