Жаңалықтар

«Ертіс» шахтасында 4 адам қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Жазатайым оқиға кеше, 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Шахтадан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі кәсіпорынның, екеуі мердігер ұйымның жұмысшылары болған. Алдын ала дерек бойынша жұмысшылар газдан уланып қалған», – деп хабарлады KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук қайғылы оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін «Ертіс» шахтасына барды.

«Кәсіпорын басшылығы мен ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді», – делінген ақпаратта.

ШҚО ТЖД дерегінше, тағы бір адам ШҚО Глубокое аудандық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close