Қазақстан Президентінің өкімімен Қазыхан Ержан Хозеұлы Қазақстан Республикасы атынан Америка Құрама Штаттарымен (АҚШ) екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер жүргізетін өкіл болып тағайындалды, деп жазады qandastar.kz сайты Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ержан Қазыхан 1964 жылғы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін тәмамдаған. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Дипломатиялық қызметін 1989 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Протоколдық-саяси басқармасында екінші хатшы қызметінен бастаған, кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеген. 1992 жылы МИД-тің Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім меңгерушісі, басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
- 1995 жылы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне (Нью-Йорк қаласы) бірінші хатшы ретінде жіберіліп, кейін кеңесші лауазымына дейін көтерілді;
- 1999-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
- 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі (Нью-Йорк) және қоса атқаратын қызмет ретінде Куба Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі;
- 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі; - 2009-2011 жылдары Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі әрі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі;
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; - 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
- 2014-2017 жылдары Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшісі, сондай-ақ қоса атқаратын қызмет ретінде Ирландия Республикасы мен Исландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі;
- 2017-2021 жылдары Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшісі;
- 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі;
- 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі;
- 2023 жылғы қыркүйектен бастап Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.
Ержан Қазыханға Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі берілген. Ағылшын және араб тілдерін меңгерген.



