Досына араша түсемін деп түрмеге отырып шыққан актер Асқар Жұмабеков әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қуанышты жаңалықты актер өз әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Әкешім Асқар тауым – игілігіңізге мініңіз. Сіздерді қуанту біз үшін үлкен бақыт! Кішкентай ғана сыйлық болса да, барлығы сіздердің көңілдеріңіз үшін. Менің көңілім енді кішкене тынышталды. Мен қара қапаста отырғанда, сіз маған кездесуге келген кезіңіз ешқашан көз алдымнан кетпес. Маған қарап жылағыңыз келіп, бірақ жасыңызды көрсетпей, қан жұтып отырғаныңызды өте анық көрген едім. Туған баласын темір тордың ар жағынан көріп, еш әрекет жасай алмай отқан әкенің жағдайы қандай болғанын мен көрдім. Сол жағдайлардың барлығын осындай қуаныштармен толтыруға тырысамын, әкешім!» — деп жазды ол.




