Жаңалықтар

«Есі дұрыс емес»: Екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел жазадан құтылды

Сот шешіміне сәйкес, әйел қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес деп танылды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы. 

Ақтөбеде 29 жастағы әйел өз кәмелетке толмаған балалары — ұлы мен қызын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған болатын (Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі — екі немесе одан да көп адамды өлтіру).

«1996 жылы туған айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталған. Ол Қылмыстық кодекстің 519 және 522-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — деп оқыды үкімді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың наурызында Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында болды. Жас әйел үш жасар ұлын және он бір айлық қызын жастықпен тұншықтырып өлтірген.

Сот процесі барысында сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Мамандар айыпталушыға суицидтік бағыттағы параноидты шизофрения диагнозын қойды. Сараптама қорытындысы бойынша, әйел психикалық ауытқушылықтан зардап шегеді, бұл оның өз әрекеттерінің нақты мәнін және қоғамдық қауіптілігін түсіну қабілетін жоққа шығарады.

Сот әйелді арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close