
Әлеуметтік желілерде танымал блогер әрі әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген төңірегінде үлкен дау туындады. Пайдаланушылар оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан дөрекі, қорлайтын сөздеріне наразы болып, бойкот жариялауға шақыруда, деп хабарлайды qandastar.kz
Желіде тараған скриншоттарда блогердің бұрынғы жұбайына бағытталған балағат және кемсітуші хабарламалары жария болған. Ол әйелін ар-намысына тиетін сөздермен қорлап, тұрмыстық жағдайы мен жеке өмірін мазақ еткен.
Жақсыгеннің жазбаларында әйелін «көшедегі әркімнің біреуі», «есік көрген қызды ешкім бағаламайды» деп атаған сөздер бар. Сондай-ақ ол өз өмірін жоғары қойып, бұрынғы жарына «сенен алатынымды баяғыда-ақ алып қойғанмын» деген мазмұнда ауыр пікірлер жазған.
Бұл оқиға жария болғаннан кейін блогердің бұрынғы жары Фариза көпшіліктен жылы қолдау тапты. Ол өз парақшасында:
«Мұндай үлкен шу болады деп ойлаған жоқпын. Әсіресе Threads-та көп жазылып жатыр. Барлық жылы пікірлеріңізге рахмет, бәрін оқып отырмын», — деп жазды.
Қазір әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Жақсыгеннің әрекетіне қатысты пікірталас күшейіп, көпшілік жеке өмірде зорлық-зомбылық пен моральдық қысымға қарсы үн көтеруде.



