Жаңалықтар

Есірткіні тамаққа жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған тұрғын ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Еліміздің тергеу изоляторларында сотталушыға үйден пышақ түгілі, сүйікті тағамын да алдыру қиынға соғатыны белгілі болды, — деп хабарлайды qandastar.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты No64 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында келушінің тергеу изоляторына есірткі алып өтпек болғанын анықтады.

Келуші әйел тұтқынға дәмді бұрыш орамасын әкелген, ал олардың ішінен фольгадағы марихуана табылған, шамамен бес жарым грамм.

Қазір Астана полиция департаментінің Байқоңыр аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі «Өткізу мақсатында заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді беру немесе өткізу» бойынша іс қозғады.

Бұл — Заң бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуға әкелетін қылмыс.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close