
Алматыда ескі автокөліктердің қалаға кіруіне шектеу енгізу мәселесі бұған дейін де талқыланған болатын. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов бұл мәсее бойынша жоспарлы жұмыстың қандай кезеңде екенін және оның қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды qandastar.kz
«Қазіргі уақытта тиісті ережелер мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша, олар Әділет министрлігінде. Барлық келісуден өткеннен кейін бұл құжатты мәслихат қарайтын болады. Мәслихат бекіткен соң, кезең-кезеңімен, біртіндеп «еуро-0″-ден басталатын, ауаға ең көп зиян келтіретін көліктердің қалаға кіруіне шектеу шаралары қабылданады», – деді Бейбіт Шаханов ӨКҚ брифингінде.
Бұған дейін Алматыда Low Emission Zone атты төмен шығарындылар аймағын құру жоспарланып жатқаны хабаланған болатын. Бұл аймаққа экологиялық класы 5-тен төмен ескі автокөліктер тегін кіре алмайды.



