Блогер Самат Ысқақов әлеуметтік желіде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕҰУ) қатысты тараған даулы ақпарат жөнінде пікір білдірді. Оның айтуынша, «қазақтың Гарварды» аталып жүрген университет ректоры туралы «Козачкоф Offside» телеграм арнасы жариялаған материалдың күмәнді тұстары көп, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұған дейін «Козачкоф Offside» ресурсында ЕҰУ ректорына қатысты «ұрлық фактілері» мен қаржылық заңбұзушылықтар бар деген пост шыққан еді. Алайда көп ұзамай материал толығымен өшіріліп, оқырмандар арасында түрлі сұрақ туды.
Самат Ысқақов бұл жағдайға байланысты ойын айтты.
«Материал неге өшті? Ол фейк болды ма, әлде пост асығыс жарияланып, кейін түзетіліп жатыр ма, жоқ әлде біреулер араласты ма? Белгісіз», — деп жазды блогер фейсбук парақшасында.
Айта кетейік, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры — Ерлан Сыдықов. Ол бұл қызметке 2021 жылы тағайындалды.



