Әлем жаңалықтары
Euronews Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болғанын жазды
Фото: ТЖМ
26 желтоқсанда Әзірбайжан үкіметінің дереккөзі Embraer E190AR ұшағының Ақтауда құлауына ресейлік «жер-әуе» зымыраны себеп болғанын растады, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы Euronews басылымына сілтеме жасап.
Шетелдік басылым мәліметінше, зымыран 8432 рейсіне қарсы атылған, бұл кезде Грозный үстінде ұшқышсыз ұшатын аппараттар әрекет еткен.
Дереккөздер мәліметінше, «зымыран Грозный үстінде дрондарға қарсы шаралар кезінде 8432 рейсіне бағытталған, зымыран ұшаққа жақын жерде жарылып, оның сынықтары жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген” делінген хабарламада.
Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздің Euronews-ке хабарлауынша, зақымданған ұшақ ұшқыштардың шұғыл қону туралы өтінішіне қарамастан, Ресейдің ешбір әуежайына қонуға рұқсат етілмеген. Сондай-ақ оларға Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуға бұйрық берілген.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінде ұшу барысында толықтай бұғатталғаны айтылады.
Мұндай тұжырымды бұған дейін де әлемдік медиалар жазған.