Еуропалық одақ Ресейге қарсы 19-пакет санкцияларын бекітті. Бұл жолы шектеулер тізіміне ВТБ Банк (Қазақстан) да енді, деп хабарлады qandastar.kz.
Банкке қатысты шешім қабылданған соң, оған ЕО елдерімен кез келген қаржылық операция жасауға тыйым салынды. Бұл, әсіресе, еуро және доллармен халықаралық есеп айырысуларды айтарлықтай қиындатады.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар Ресеймен байланысты қаржы институттарының шетелдік серіктестермен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді және халықаралық нарықтағы операцияларын барынша тарылтады.
Қазір Қазақстандағы ВТБ банкі ресми түсініктеме бермеді.



