Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуропада 2026 жылы соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Magyar Nemzet газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Qandastar.kz
Журналистің «2025 жыл соңғы бейбіт жыл болуы мүмкін бе?» деген сұрағына жауап берген Орбан: «Иә, мұны жоққа шығаруға болмайды», — деді.
Оның пікірінше, Еуропадағы әскери шиеленістің күшеюі Батыс Еуропа мен Еуропалық одақтың әлсіреуінің салдары. Орбан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада жаңа қақтығыстан, әсіресе ядролық соғыстан қорқыныш болғанын, алайда қазір мүлде жаңа жағдай қалыптасып жатқанын атап өтті.
Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі таңда Еуропада қарулану үдерісі жүріп жатыр және қоғам соғысқа психологиялық тұрғыда дайындалып жатыр. Ол бұл үрдіс 2000 жылдардың ортасында басталып, Еуропадағы қаржы дағдарысына дұрыс жауап берілмеуінен кейін одан әрі жеделдей түскенін айтты.



