Жаңалықтар
«Еуропадан аса айырмашылық жоқ»: Көлік министрі ішкі рейстер үшін әуебилеттер қымбат емес деп мәлімдеді
Фото: скрин
Көлік министрі Марат Қарабаев елдер ішкі рейс үшін билет бағасы тым жоғары деген журналистке “Обожаю” Youtube-арнасында жауап берді. Сөзінше, билет құны Еуропадағыдан аса айырмашылық жоқ. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Франциядағы ішкі рейс билетінің құны Астана-Қостанай бағытындағы билеттен төмен екенін айтып, не себепті елде әуе билеттері қымбат екенін сұрады.
Қарабаев билет қымбат деген пікірді жоққа шығаруға тырысты. Министрдің сөзінше, билет ақшасының 60%-ы ұшақ шығынына кетеді.
“70% жағдайда билет барлық әлем үшін бірдей. Себебі әуе кемесі, қызмет көрсету бар, барлық жерде авиаотын бағасы бірдей. Бірдей қашықтағы қалалар арасындағы билеттерді қараңыздар. Оның үстіне бізде жолаушылар аны аз болғасын баға жоғарырақ болуы заңды. Елімізде әуекомпаниялар арасында бәсекелестік жоқ. Соған қарамастан баға айырмашылығы қатты білінбейді”, – деді Қарабаев.
Журналист 1 желтоқсан үшін Франциядағы Париж-Ницца бағытына билет қарады. Екі ел арасы – 900 км. Сонда екі бағытқа билет 100 доллар, яғни 50 мың теңгеге шықты. Ал дәл сол күні сондай қашықтағы Астана-Қостанай үшін 71 мың теңге болды.
“Екі елдегі халықтың табысын салыстыруға келмейді. Олар бізден қаншаға көп табатынын білесіз. Бірақ сонда да олардың билет біздікінен арзанға шығып тұр. Бұл әділетсіз екенін мойындайсыз ба?”, – деді журналист.
Министр бұған бәсекелестіктің жоқтығы себепкер екенін тағы айтты. Сөзінше, елде тек AirAstana және Skat әуекомпниялары жұмыс істейді. Сондай-ақ арзанға ұшқысы келетіндер үшін лоукостер FlyArystan бар екенін түсіндірді.
“FlyArystan-да Астана-Алматы бағытындағы билеттер – 15 мың теңге. Ал басқа елде ондай жоқ. 30 долларға сол қашықтықта билет бар ма, қарап көрейік”, – деді ол.
Ол сонымен қатар апта күндеріне қарау керегін, жұмыс күндері арзан болатынын атап өтті.
Бұған дейін депутат энергетика министрлігін Қазақстандағы авиаотынға тапшылықты қолдан жасады деп айыптады.