Жаңалықтар
«Ездер, ер болуды үйреніңдер!»: Мөлдір Әуелбекова еркектерге үндеу жасады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымын сынады, деп хабарлады QӨнер иесі әйелге дауыс көтеретін еркектерге ескерту жасады.
“Еркектің ішіндегі ездерге арналады. Көлігімді кіреберіс алдына әкеліп, ауыр чемодандарды багажға салып жатсам, артынан көлік келіп, қайта қайта сигналын басып, терезесін ашып, “неғып тұрсың, кетсей былай” деп боқ ауыз сөздерімен айқай салды. Еркек атаулыңнан айналдым. Қыз баласын затын сала алмай тұрғаны үшін боқтаудың орнына, шығып көмектесе салсаң нең кетер еді? Ездер, ер болуды үйреніңдерші, өтініш!”, – деп жазды әнші.
Одан кейін балаларынан бас тартқан әкелерге қатысты сөз қозғады.
“Көкек әкелерді айтамын да, өзінен туған баланы уайымдаймайды ма? Не жеп жүр, қайда жүр, денсаулығы жақсы ма, қызық емес пе? Ойдарында не бар екен?”, – деп күйінді эстрада жұлдызы.