Жаңалықтар

Ферроқорытпа зауыты: Нығматуллинге тиесілі корпорация сотта кінәсін мойындамады

фото ашық дереккөз

Сотта корпорация өкілі тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады. Бірақ оған қарсы бұлтартпас дәлелдер ұсынылды. Осылайша «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытына төтенше жағдай кезінде құтқарушыларды ішке кіргізбегені үшін 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Қарағанды облысында Қарағанды төтенше жағдайлар басқармасы көтерген сот процесі аяқталды. Ферроқорытпа зауытының әкімшілігі қызметтік міндеттерін орындап жүрген тұлғаларға кедергі келтіргені үшін және құжаттар мен материалдарды ұсынудан бас тартқаны үшін айыпталды.

Зауыт өкілдері айыптарды негізсіз деп санап, төтенше жағдай туралы еңбек инспекциясы мен полицияға хабар бергендерін мәлімдеді.

«200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, шілдеде YDD корпорациясының ферроқорытпа зауытында пештен кенеттен шыққан өрттен 8 жұмысшы зардап шегіп,түрлі дәрежеде күйік алды. Олардың 4-еуі кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close