Жаңалықтар

Ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы екі жұмысшы қайтыс болды

Фото: Ашық дереккөзден

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апат салдарынан екі жұмысшы ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тағы екі адам есін жимастан ауруханда қайтыс болды.

«Интенсивті реанимациялық шаралардан кейін 1981 және 1987 жылы туған екі науқас өз-өзіне келместен көз жұмды.»Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті», – делінген хабарламада.

Осыдан екі күн бұрын 32 жастағы пеш меңгерушісі пеш меңгерушісі Исмаилов Мұзафар Имантайұлы мен технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы денесінің көп бөлігін күйік шалғаннан қайтыс болған еді.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close