
Фото: qrnews.kz
АҚШ-тың Флорида штатында 13 жастағы жасөспірім ChatGPT чат-ботынан сыныптасын өлтіру жоспарын жасап беруін сұрап, полиция назарына ілікті, деп хабарлайды qandastar.kz.
Оқушының «сабақ үстінде досымды қалай өлтіруге болады?» деген мазмұндағы сұранысы мектептің онлайн белсенділікті бақылау жүйесі арқылы тіркелген. Жүйе бұл әрекетті қауіпті деп танып, бірден дабыл қағып, дерек құқық қорғау органдарына жіберілген.
Полиция жасөспірімді мектеп аумағында ұстады. Тінту кезінде ешқандай қару табылмаған. Тергеу барысында оқушы өз әрекетін «ашумен жазылған әзіл» деп түсіндірген. Оның сөзін ескерген тәртіп сақшылары кейін оны босатып жіберді.